Жаңалықтар

«Әлемі бөлек ақындар»

15 наурыз күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Әлемі бөлек ақындар» тақырыбында мамандығы басқа ақындармен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің басты қонақтары ретінде ақын-аспапшы Азамат Нұрмұхан, ақын-кітапханашы Салтанат Құмархан және ақын-ұстаз Бейбарыс Өмірбай шақырылды. Сұхбат барысында ақындарымыз жастарға өздерінің ақындық өнерге қалай келгендігі туралы айтып, әр түрлі жанрдағы авторлық өлеңдерін паш етумен қатар, өмірбаянымен және еңбек жолдарымен таныстырып өтті. Кеш қонақтары басқа салада қызмет етсе де, ақындық өнерді қатар алып жүрудің еш қиындығы жоқтығын жеткізді. Себебі, адам баласы, жаны қалаған сүйікті ісімен айналысқан уақытта шабыты ашылып, өзін жақсы сезінеді. Кездесу кешінде ақындар жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылығы бар жастарға сәттілік тіледі.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқбақпаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі өткізілді. Шара барысында жазушының өмірбаяны мен әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды, «Sara-Ce» дауыстап оқитын машинкасының көмегімен «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасынан үзінді тыңдатылып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан жазушы Бердібек Соқ­пақ­баевтың MP3,LKF, Брайль форматында жазылған басқа да кітаптарын оқып, тыңдай алатыны жайлы оқырмандарға ақпарат берілді.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024

«Жетісу кітап керуені» Текелі қаласы

15 наурыз – Текелі қалалық кітапханасы «Жетісу-кітап керуені» жобасын жалғастыру және жергілікті ақын, композитор, жазушыларының шығармаларын насихатау мақсатында Алакөл аудандық кітапхансына 50-ден астам кітаптарын салтанатты түрде сыйға тартты. Шара соңында Алакөл аудандық кітапханасы Текелі қалалық кітапханасына өздерінің жергілікті жазушыларының 100 дана кітабын сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024

«Кітап сарқылмас рухани қазына»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Нағыз оқитын кез» акциясы аясында « Кітап сарқылмас рухани қазына» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы А.Абейбекова түркі жұртының ұлы ақыны ойшыл Әлішер Науаидың «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген сөздерінен бастап, адам өміріндегі кітап оқудың 7 пайдасымен бөлісе отырып , кітапханамыздағы арнайы тифлоқұрылғылардың көмегі арқылы , зағип оқырмандарымызды әрдайым кітап оқып, рухани байлығы мен білімділігін арттыруға шақырды.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2024

«Амал келді жыл келді»

2024 жылдың 12 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 14 наурыз Көрісу күніне орай «Амал келді жыл келді» атты танымдық сағат өтті. Аталған шара «Наурыз- жыл басы» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Келген қонақтарға амал күніне орай дайындалған бейнеролик көрсетілді. Шараға Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен Тілегенова Сания Муханқызы қатысып, оқушыларға Амал мерекесі туралы ақпарат берді. Сондай ақ, Бақжұлдыз медиа орталығының мүшелері: Таңатар Кәусар «Наурыз думан» әнімен, Ныққали Айша күй орындап, Азаматқызы Еңлік «Дедімай-ау» әнін тарту етті. Шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелікке суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика